Таяуда бір досым мені шілдеханаға шақырды. Барсам — үй толы адам. Қырық шақты қонақ дастархан басында жағалай отыр. Төрде бірнеше қария жап-жақсы әңгіме айтып отыр екен. Олар көне түркі тарихын, Орта ғасырдағы Шыңғысханның дәуірлеген кезеңін, Алтын Ордадағы өркендеу, бергі жағы 30-шы жылдары атылып кеткен зиялы тұлғалар туралы толғап шықты. Сәлден соң асығыстау екі-үш қарт қоштасып, ерте шығып кетті. Төрде отырған қария мені қасына шақырып алды да бос орынға жайғастырды. Ет желініп болған соң үй иесі «Сәке, құран оқып, дұға етіп жіберсеңізші» деп өтінді. Мен дауыстап Құран оқып, дұға қайырдым. Құраннан соңғы бір сәттік үзілісті пайдаланып, мен де әруақтарға арнап Құран оқып, дұға жолдау дәст
Уақыт – қымбат қазына. Уақыт - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Уақыт қайтып келмейді, сондықтан бос уақытты сарп етпей, тиімді қолдана білу керек. Уақыт өткінші, қазынадан қымбат дүние. Уақыт зымырап өтеді, тіпті, оны байқамауымыз мүмкін. Уақыттың қадірін тек әбден өткізіп алғанда сезінеміз. Сол себепті, қымбат қазынаны дұрыс, тиімді өткізе білейік.... Адам баласына берілген баға жетпес құндылықтардың бірі-уақыт. Сол екі нәрсенің қадірін білмейді.1) бос уақыт және 2) денсаулық. Адамзат баласы уақыт пен мекенге мұқтаж болып, қамшының сабындай қысқа ғұмырын да көп істі сапалы жасау мүмкіндігіміз аз. Уақыт бұл – біздің өтіп жатқан ғұмырымыз. Сол ғұмырымызды
💞 МЕЙІР-МАХАББАТ Бір жас жігіт қарт ата-әженің үйінде қонақта болыпты. Сексен бес жастағы ата кемпірінен бір кесе су сұрап: «Гүлім, бір кесе су алып келесің бе?» деді. Сəлден соң «Ардақтым, шəй құйып берші», ізінше:«Сұлуым, сені шаршатып қоймадым ба, өтініш, шəйіме қант салып берсең» деп мəміле жасайды екен.Қонақ жігіт болса, атаның кемпіріне жасаған мəмілесінде қолданған мейір-махаббатқа толы еркелетуші сөздерінен əсерленіп,атаны сұраққа алды: Атау, шаңырақ құрғандарыңызға қанша уақыт болды? Алпыс жылға жуық болды, балам деп күлімсіреді ата. Өзара мейір-махаббатыңыз бен мəмілелеріңізден көңілім қош болды,деді жігіт. Əжеге«Гүлім, Ардақтым, Сұлуым»деп мəміле жасайды екенсіз... Əжетайдың
Адамның басшысы - ақыл, жетекшісі - талап, шолғыншысы - ой жолдасы - кәсіп, қорғаны - сабыр, қорғаушысы - мінез. Әрқайсысымыз әр түрлі ғұмыр кешеміз. Өмір сонысымен аяулы һәм қымбат. Біз көп армандаймыз, жиі уайымға салынамыз. Кейде бір нәрсені түсіну керек сияқты. Бақ та айтып келмейді, сор да айтып келмейді. Атар таңға үміт артып жүріп, уақыттың зымырап өткенінде сезбей қаламыз. Бүгінгі күнімізді мәнді өтуіне талпыныс қылуға асыққанымыз жөн секілді. Ата анамыздың сиға берген өмірін мәнді де сәнді өткізуымізге талпынайық Әр күніміз арайлана атып,нұрлана батсын.
Перзентеріміз аман болсын🤲🤲🤲 Балалардың ұзақ болсын өмір жасы, Бірге өссін біте қайнап мал мен басы. Қашанда тіл мен көзден аман сақтап, Қасында жүрсін оның пір панасы. Үйреніп өнер-білім өрге жүзсін, Үлгі алсын қатар-құрбы замандасы. Қондырып оң жағына отауларын, Қызығын көрсін оның ата-анасы. Алдынан шамшырағы қарсы жанып, Гүлденсін жер мен көктің екі арасы. Шалынсын періштенің құлағына Біздердей қариялардың ақ батасы. Әумин.🤲🤲🤲 Асарың асқар тау болсын, Жүзерің мұхит, көл болсын, Сүйенерің ел болсын, Дұшпаның қара жер болсын. Абайдай ән, Жамбылдай сән, Қажымұқандай күш болсын, Ұрпақ ұмытпас іс болсын. Есігің алды ой болсын, Ой толған қой болсын. Күнде ауылыңда той болсын. Жақсыға е
КЕРЕМЕТ АҢЫЗ ӘҢГІМЕ ЕКЕН ОҚЫСАҢЫЗДАР ӨКІНБЕЙСІЗДЕР Ертеде Алтай тауын мекендеген атақты құсбегі Тіней деген адам өткен. Өзіне әуелде жалғыз кері биесінен басқа мал бітпеген кедей адам болыпты. Міністен құлындамай жүрген сол биесі бір жылы ішті көрініпті. Иесі жануардын аман-есен құлындатып алайын деп желіні жетіле бастағанда, жылуатты шөптесін жерге қайырып қарап жүріпті. Бір күні ауа райы аяқ астынан бұзылып, кері биеден көз жазып қалыпты. Таба алмай дағдарған иесі таңертең ізімен қуалап келе жатса, биесі қалың тобылғы арасында құлындап, еркек күрең құлынды емізіп тұрыпты. Қуанышы қойнына сыймаған Тінекең биесін жетелеп енді қайтайын дей бергенде, бір құстың зәу теректің басынан пышақтаған
ҰРШЫҚ. Бір кездері аналарымыздың қолынан түспеген ұршық бүгінде естелікке, жәдігерге айналып барады. Бұрын қолына ұршық ұстамаған жанды кездестіру сирек болса, қазір кезде ұршықты не зат екенін білмейтін ұрпақтарымыз көп. Әлі күнге дейін есімде. Жаздың күні. Анам түрлі тоқыма тарақтарын алып, есік алдына ұзын жіптерді қойып алаша тоқитын. Көрші жеңге әпшелеріміз бос уақытында бізің үиге жиналып Өткен-кеткенді қозғап, әріден сөз бастайтын көненің көздері қолдары қатар қимылдап, ұршықтарын иіріп отыратын.Әңгіменің ортасында жұмбақ жасырып . «Ақ күшігім жүгіре-жүгіре буаз болды» деп бұл : (Ұршық бен жіп).Қасиетті қазағымның ұлтық жәдігерлерін ұрпақтарымызға дәріптеп айтыу сізбен біздің мін
ТЕБЕРІК Адам ата он ғасыр өмір сүріп дүниеден өтіпті. Соңында қалған ұрпақтары әкенің дүние мүлкін бөлісіп алады. Мол мұрадан Ғұмыр атты ұлына жалғыз шапаны ғана бұйырады. Ғұмырға мұраға қалған шапанның шарапаты тиіп Адам атаның жасына жеткен екен. «Ғұмырдай жасың ұзақ болсын» деген сөз осыдан қалған деседі. Ғұмыр қайтыс болғанда қасиетті шапанды балалары жыртысып бөліп алады. Әкеміздің жасын берсін деген ниетпен тәбәрік етіп алады. Қазақта үлкен кісі қайтыс болғанда жыртыс, теберік алу осыдан қалған деседі. Ғұмыр да, теберік те көнеден келе жатқан кәрі сөздер ғой. Сан ғасырлар сақталып, теберіктей таралып ғұмыры бүгінге дейін жеткен екен. Ұлтымыз аман болса бұдан әріде жалғасын таба бермек
БІР БЕСІКТІҢ ХИКАЯСЫ Тумысында қазақта бесікке салу бар да, бесік алу деген болмаған. Арыға бармай-ақ біздің бала кезіміздің өзінде "бесік алу"," бесік әкелу"деген дәстүр жоқ еді. Соңғы жылдары айнымас ғұрпымыздың біріне айналып кеткен осы салт қанша ойлансам да көкейіме қонар емес. Бесік жайлы, бесікке салу жайлы ойласам, осыдан біраз жылдар бұрын болған бір оқиға есіме түседі. Көршімнің келінінің босанғанына көп бола қоймаған кез еді. "Бесік келейін деп жатыр" дегенді естіп үйіне бардым. Енесі базарлап кетіпті де, келіні үйінде екен. "Әпкелеп" құрақ ұшып тұратын келіншекпен сырластаймыз. — Бесік алдырып, әке-шешеңді әурелеп қайтесің. Осы үйде де бесік бар емес пе?- дедім сөз арасында.
Показать ещё