КЕРЕМЕТ АҢЫЗ ӘҢГІМЕ ЕКЕН ОҚЫСАҢЫЗДАР ӨКІНБЕЙСІЗДЕР Ертеде Алтай тауын мекендеген атақты құсбегі Тіней деген адам өткен. Өзіне әуелде жалғыз кері биесінен басқа мал бітпеген кедей адам болыпты. Міністен құлындамай жүрген сол биесі бір жылы ішті көрініпті. Иесі жануардын аман-есен құлындатып алайын деп желіні жетіле бастағанда, жылуатты шөптесін жерге қайырып қарап жүріпті. Бір күні ауа райы аяқ астынан бұзылып, кері биеден көз жазып қалыпты. Таба алмай дағдарған иесі таңертең ізімен қуалап келе жатса, биесі қалың тобылғы арасында құлындап, еркек күрең құлынды емізіп тұрыпты. Қуанышы қойнына сыймаған Тінекең биесін жетелеп енді қайтайын дей бергенде, бір құстың зәу теректің басынан пышақтаған
ҰРШЫҚ. Бір кездері аналарымыздың қолынан түспеген ұршық бүгінде естелікке, жәдігерге айналып барады. Бұрын қолына ұршық ұстамаған жанды кездестіру сирек болса, қазір кезде ұршықты не зат екенін білмейтін ұрпақтарымыз көп. Әлі күнге дейін есімде. Жаздың күні. Анам түрлі тоқыма тарақтарын алып, есік алдына ұзын жіптерді қойып алаша тоқитын. Көрші жеңге әпшелеріміз бос уақытында бізің үиге жиналып Өткен-кеткенді қозғап, әріден сөз бастайтын көненің көздері қолдары қатар қимылдап, ұршықтарын иіріп отыратын.Әңгіменің ортасында жұмбақ жасырып . «Ақ күшігім жүгіре-жүгіре буаз болды» деп бұл : (Ұршық бен жіп).Қасиетті қазағымның ұлтық жәдігерлерін ұрпақтарымызға дәріптеп айтыу сізбен біздің мін
ТЕБЕРІК Адам ата он ғасыр өмір сүріп дүниеден өтіпті. Соңында қалған ұрпақтары әкенің дүние мүлкін бөлісіп алады. Мол мұрадан Ғұмыр атты ұлына жалғыз шапаны ғана бұйырады. Ғұмырға мұраға қалған шапанның шарапаты тиіп Адам атаның жасына жеткен екен. «Ғұмырдай жасың ұзақ болсын» деген сөз осыдан қалған деседі. Ғұмыр қайтыс болғанда қасиетті шапанды балалары жыртысып бөліп алады. Әкеміздің жасын берсін деген ниетпен тәбәрік етіп алады. Қазақта үлкен кісі қайтыс болғанда жыртыс, теберік алу осыдан қалған деседі. Ғұмыр да, теберік те көнеден келе жатқан кәрі сөздер ғой. Сан ғасырлар сақталып, теберіктей таралып ғұмыры бүгінге дейін жеткен екен. Ұлтымыз аман болса бұдан әріде жалғасын таба бермек
БІР БЕСІКТІҢ ХИКАЯСЫ Тумысында қазақта бесікке салу бар да, бесік алу деген болмаған. Арыға бармай-ақ біздің бала кезіміздің өзінде "бесік алу"," бесік әкелу"деген дәстүр жоқ еді. Соңғы жылдары айнымас ғұрпымыздың біріне айналып кеткен осы салт қанша ойлансам да көкейіме қонар емес. Бесік жайлы, бесікке салу жайлы ойласам, осыдан біраз жылдар бұрын болған бір оқиға есіме түседі. Көршімнің келінінің босанғанына көп бола қоймаған кез еді. "Бесік келейін деп жатыр" дегенді естіп үйіне бардым. Енесі базарлап кетіпті де, келіні үйінде екен. "Әпкелеп" құрақ ұшып тұратын келіншекпен сырластаймыз. — Бесік алдырып, әке-шешеңді әурелеп қайтесің. Осы үйде де бесік бар емес пе?- дедім сөз арасында.
Бүгін Пионерлер күні . Ата-аналарымыз жастық шағындағы естеліктерімен бөліскенде ең әуелі айтатын сөзі «пионер». Бұл сөз қазіргі жастарға ерсі естілгенімен сол кездерде үлкен «мәртебе» болған. Бүгін, 19 мамыр, пионер ұйымының пайда болған күні. Ұлы мереке! Кезiнде 19 мамыр жасөркеннiң ең қызықты мерекесi болған Бiз кезiнде октябрят, пионер деген атқа ие болғанда, бұны өзiмiзге үлкен мәртебе санадық. Алқызыл галустук байлаған біздің ата- әжелеріміз мереке құтты болсын.Өмір жолындағы естеліктер.
ӘКЕҢЕ НЕ ІСТЕСЕҢ, АЛДЫҢА КЕЛЕДІ... (Әңгіме) - Әке, қалай, зерікпедіңіз бе? - Жоқ. - У-шу, күйбеңі көп қаладан өкпеңіз қысылмады ма дегенім ғой. Жарылқап үнсіз қалды. Баласының не айтқысы келгенін түсінді. Кеше ғана ұлы келінімен сөзге келіп қалған еді. Жарылқап сол күні таңертең немересін саябаққа ертіп кеткен. Күн арқан бойы көтерілгенде пәтерге оралды. Сонда ас бөлмеден шаң-шұң еткен дауыстар естілді. - Екі ай болды ғой, қашанғы жүре береді? - Енді кішкене шыдашы. - Жетер. Шаршап кеттім. Сенің әкеңнің қас-қабағына қараймын деп шашым ағаратын шығар. Кір-қоңын жуудан ығырым шықты. Болды, енді өзі жусын, не сен жу. Мен енді шыдай алмаймын. Басқа балалары да бар емес пе, соларға барсын. О,
Арайлы таңым ақ таңым, Қайырлы болсын бақ таңым. Өйткені бүгін Жұма ғой, Жарқырасын жан жағым. Құтты болсын Жұмамыз, Қабыл болсын дұғамыз! Осы күнге жеткізген, Аллаға шүкір ризамын🤲 Жұма күнгі ісіңіз, Оң болсын деп тілеймін. Бақыт, байлық, береке, Мол болсын деп тілеймін. Сапарға шыққан жандарға, Жол болсын деп тілеймін. Үйіңізде әрдайым, Той болсын деп тілеймін!🤲
Байдалы би Байдалы шешеннің қара жамылған ордаға келуі қалыпты тіршілік орнатқандай болады. Айғаным өзі тұрып шай қойғызып, қой сойдырды. От жағып, шөлдеп келген шешенге сусын берді. Ханым жадыраңқы рай білдірген соң, шешен де жайғасып, шешіле сөйледі. Мал - жан, ауыл - аймақтың амандығынан басталып, әңгіме ағыла берді. Шешеннің сөзі Айғанымға түрлі ой салып, қайғысын жеңілдеткендей болды. Айғаным өкпе- назын айта бастайды. - Ханмен қадірлес, халықпен сырлас қария едіңіз. Хан артында қара тұман қалды. Қара тұман ортасында мен қалдым. Көзсіз көбелектей болып қалғанымда, осы уақытқа дейін ат ізін салмағаныңыз қалай? Несін жасырайын, өкпелеп жүр едім. Мен сізді келер, келер де жылатар, жылатар
Көре алмаушылықтың соңы ****** Бұрынғы заманда бір ғалымды елдің патшасы қатты қадірлейтін болады. Бұл ғалым патшаға үнемі былай деп насихат айтады екен:«Патшам, жақсылық қылған адамға жақсылық жасаңыз! Жамандық жасаған адамға жаза ретінде өзінің жамандығы да жеткілікті.»Бұл ғалымды уәзірлерінің бірі көре алмай патшаға шағымданыпты: - Патшам! Ана ғалым сіздің аузыңыз сасиды деп айтып жүр. - Сөздеріңнің дұрыстығына қалай сенемін? - Ғалымды қасыңызға шақырыңыз, егерде сізге жақындағанда мұрынын жабатын болса, сөзімнің растығы белгілі болады. Көре алмай жүрген уәзір патшаның алдынан шыға салып ғалымды асқа шақырады-да сарымсақ қосылған тағам ұсынады. Біраздан соң ғалым патшаның алдына барғанынд
Показать ещё