Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық съезі "Бастауыш мектеп - білім мен ғылымның бастауы" тақырыбында өтті. Съезд жұмысы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өтті.
4 секция барысында бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру, бастауыш білім берудің әдістемелік жүйесі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру сұрақтары талқыланды.
Пленарлық отырыста бастауыш білім берудің халықаралық салыстырмалы зерттеудегі нәтижелері, бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру, бастауыш білім берудің мазмұны мен оны іске асыру мәселелері, бастауыш сынып мұғалімінің әлеуетін қалыптастыру туралы тақырыптар талқыланды.
"Еркін" микро