Азамат тағдырының тілеуі.
(Шын болған оқиға.)
Алматының қай жерінде неге жүргенімді уқпай, жан жағыма түсінбей қарап тұрсам:
-— Ағатай, Ағатай сіз майдалай аласыз ба?, сізде майда шыға ма ?- деген келіншекке тесіле қарадым. Қолында он мың теңге, көзі жасқа толып ұсынып тұр, жан қалтамды сипалап әмиянымды шығардым. Келіншек ақшасын тыққыштап асығып тұр.
-— Автобуста майда жоқ, жол ақысын төлемесең сөмкеңді бермейміз деп бермей тұр, әне кеткелі жатыр,- деп шырылдап жалтақ жалтақ қарайды.
Он мыңды үндемей майдалап бердім де, шаруам жоқ теріс айналдым көлігіме.
-— Рахмет ағатай рахмет! - деп автобусқа жүгіріп бара жатқанын көзім шалды.
Көлігіме отырып жылжып кеттім, түнде қайда