23.10.2018ж аудан әкімі Асқар Жүсібалиев Қос Естек пен Бадамша ауылдарында қиыршық тас өндіретін кәсіпорындарға барып жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, аудан орталығындағы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимараты, Жастар орталығы, «Қарғалы» газеті редакциясы объектілерін аралап атқарылғын жұмыстарына баға берді. Әлеуметтік нысандармен танысу барысында ауыл әкімі мен мекеме басшыларына бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берді. #қарғалыауданы#қарғалыауданыәкімдігі