Енді үздік Kaspi.kz мобильді қосымшасының көмегімен қытайлық дүкендерде, кафеде, таксиде және Қытайдағы басқа да 80 миллионнан астам орында сатып алу ақысын QR-код бойынша төлеуге болады. Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Көптеген қазақстандықтар Қытайда жұмыс істейді, оқиды әрі демалады. Біз сүйікті клиенттерімізден үнемі кері байланыс аламыз, олар шетелде сатып алу ақысын үйдегідей сияқты оңай төлеуге мүмкіндік болса, қандай жақсы болар еді дейді. Сондықтан біз AliPay+ компаниясымен серіктестік орнатып, әр қазақстандық үшін жаңа сервисті іске қостық. Енді үздік Kaspi.kz мобильді қосымшасымен Қытайдағы сауда орындарындағы кез келген тауар ақысын төлеуге болады. Біз серіктесіміз AliPay+ компаниясына ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз. Ал әр сүйікті клиентімізге – бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс!»
Венеция Ли, Қытайдағы Ant International бас директоры (Venetia Lee, Greater China General Manager of Ant International):
«Alipay + Kaspi.kz-ті пайдаланушылардың көбі үшін Қытайдың материк бөлігіндегі мобильді төлемдердің кедергісіз процесін қамтамасыз ету үшін, біздің тұңғыш және Қазақстандағы жетекші үздік Kaspi.kz қосымшасымен серіктестік орнатқанын қуана жариялайды. Бұл серіктестік Kaspi.kz-ті пайдаланушылар үшін саяхат пен сатып алу сапасын жақсартады. Біз саяхат, сауда және коммерция арқылы адамдар мен қауымдастықтарды жақындастыру үшін инновациялық технологияларымызды дамытуды, қызмет көрсету сапасын жақсартуды жалғастыра бермекпіз».
Сатып алу ақысын төлеу үшін жай ғана өз Kaspi.kz қосымшаңызды ашыңыз да, AliPay+ сервисін таңдап, сатушыға QR кодыңызды сканерлеуге мүмкіндік беріңіз. Немесе сатушының QR-кодын сканерлеуге болады.
Қытайда Kaspi QR көмегімен сатып алу ақысын қалай төлеу керектігі туралы толығырақ Kaspi.kz мобильді қосымшасында Гид бөлімінде оқыңыз: https://l.kaspi.kz/BLDA8HD41C2
Kaspi.kz , пока кто-то не заберет их домой.
...Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтеді.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев