4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні!
1992 жылы дәл осы күні Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн бекітілді. Тәуелсіз елдің дәл осы атрибуттары мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді.
Ата-бабамыздың аңсап кеткен арманы мен азаттық идеяларын бойына сіңірген тәуелсіздігіміздің осы үш нышаны қазақстандықтарға рух береді.
Отанымыздың рәміздерін құрметтеу және қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Бейбіт аспанымызда тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, елтаңбамыз айбынымызды асырып, әнұранымыз Ұлы даланың еркіндік үнін жеткізе берсін.
Мереке құтты болсын!
4 июня – День государственных символов
Именно в этот день в 1992 г. впервые были утверждены государственн
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Президент Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды.
– Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышым