Спортта да жетістіктерімізі бар.
Ағымдағы жылы халықаралық дәрежедегі 11 спорт шебері, 80 спорт шебері және жоғары санатты 19 бапкер дайындалды.
Өздеріңізге мәлім, Қостанай облысы 1976 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Гаранинді, коньки спорты бойынша әлем чемпионы Денис Кузинді, 2018 жылы Паралимпиада қысқы ойындарының чемпионы Александр Калядинді дайындаған Қазақстанның солтүстік өңірі болып табылады. Қалыптасқан спорттық дәстүрлерді ескере отыра, 2020 жылы Қостанай қаласында қазіргі заманғы шаңғы базасының құрылысын бастау туралы шешім қабылданды.
Ал, қазір спорт резервін дайындау бойынша жұмысты 32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жүргізеді, онда жалпы білім беретін мектептердегі балалардың санынан 19,0 мыңнан астам бала немесе 18,3% жаттығумен қамтылды
2,5 мыңға жуық спорт құрылыстарының (2 496) арқасында жаппай спортпен айналысатын халықтың үлесі 31,6% (2017 жылы 29,8%-тен) ұлғайды (республика бойынша орташа көрсеткіш 29,9%). Бұл елдіміздегі өңірлердің арасында 3-орын.
Ағымдағы жылы 30, оның ішінде ауылдық жерлерде 12 жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.
Рудный қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде инвесторлардың бастамасы бойынша бұрын пайдалануға берілген (2016 жылғы 21 қараша) «Футзал Арена» спорт кешенінің жанында замануи фитнес орталығының құрылысы басталды.
Облыс орталығында 1 000 көрермен орнына арналған «Қостанай» спорт кешені және 3 000 көрермен орнына арналған «Тобыл Арена» футбол манежі салынды. Республикамызда осыған ұқсас жобалар жоқ және ол еліміздің облыс орталықтарында жалғыз жабық футбол манежі болып табылады.
2 500 көрерменге арналған Мұз спорт сарайы және 50 метрлік бассейн құрылысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің 2 жобасы іске асыру сатысында (жалпы құны 6,8 млрд. теңге).
Сонымен қатар, бокс мектебін ашу жоспарлануда.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев