Жақыныңа өкпелі болсаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз. Өкпе, реніш, наз дегенді көңіліңнен өзің өшірмесең, ол ешуақытта бітпейді. Бүгінгі адам – ертең топырақ. Бір үйде қанша жан барсың, бәрің де бір-біріңе қонақсың. Сыйлассаң – тіріңде сыйлас, өлген соң жыласпа.
* Қу тірліктің күйбеңімен уақыт зымырай береді. Ештеңе дәл бүгінгідей қайталанбайды. Әр уақыттың, адамның да қадіріне жете біл. Тірі адамда мүмкіндік көп. Иіске, сүй, құшақта, аяла, бауырыңа бас! Әр секундыңды қимастарыңа арна. Ешкім мәңгілік емес. Сондықтан мүмкіндік барда қимастарыңның ыстық құшағында еркеле. Алла адам баласына көп мүмкіндік, уақыт берді. Әр кездескенде: «Жоғалтып алам-ау», – деп бауырыңа бас. Шын ықыласыңды