т және 13 – 14 ж.т оқушыларарасындағы облыстық регби жарысы2017 жылдың 20 – 24 мамыр аралығында Өскемен қаласында «1 Маусым Балаларды Қорғау күніне» арналған 10-12 ж.т. және 13 – 14 ж.т. оқушылар арасындағы облыстық регби жарысы өткізілді.Шығыс Қазақстан облысында алғашқы рет өткізіліп отырған облыстық жарысқа біздің өрендеріміз де дайындалды. № 4 орта мектебінің спорт нұсқаушысы М. Ардашев 21 -22 сәуір аралығында өткен облыстық семинарға қатысып, ойынның қыр – сырымен танысып, үйреніп, халықаралық сертификат алып келді. Келісімен дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне семинар өткізіп, ойынның ережелерімен, қалай дайындалу керек екенін түсіндірді. 12 мамыр күні орталық стадионда қала мектептері арасында қалалық регби жарысы өткізілді.Ауданымыздың 5 мектебінің командалары қатысып жүлделі орындарға таласты. Осы жарыстан соң, аудан құрама командасы жасақталып, № 4 орта мектебінің, Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебінің, № 5 орта мектебінің оқушыларынан құралған құрама командамыз дайындық жұмыстарын бастап кетті.20 – 24 мамыр аралығында Өскемен қаласында өткен алғашқы турнирға М. Ардашев және Р. Кулатаев бастаған командалар қатысты. 10 – 12 жас ерекшіліктері бойынша және 13 – 14 жас ерекшіліктері бойынша жарысқа қатысты. Екі командамызда алғашқы ойыннан соң –ақ мықты екендерін мойындатып, қарсыластарды бірінен соң бірін ұтып, ақтық ойындарға шықты. Екі командамыз да ақтық ойындарда жақсы ойын көрсетіп, турнир жеңімпаздары болып анықталды. Шілде айында Алматы қаласында өтетін Республикаклық жарысқа жолдама алды.Жақсы ойын өрнегін көрсеткен № 4 орта мектебінің оқушысы Қабдоллаев Бекжан және кіші топтан Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебінің оқушысы М. Елдос турнирдың «Үздік ойыншылары» болып танылды.Жарыс соңында жеңімпаздарды «Қосымша білім беру, дене шынықтыру орталығының» кубоктарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұйымдастырушылар регби ойынына арналған доптарамен марапаттады. Үйге келген соң, автовокзалдан № 4 орта мектебінің директоры Қ. Тастанбеков бастаған ұжым, оқушылар шарлармен, плакаттармен тосып алып, оқушыларымызға естен кетпес сый сыйлады.Жас регбисшілеріміз облыстық көлемде «Алғашқы қарлығаштар» болып қалатынын айдан анық! Жас регбисшілерімізді шын жүректен құттықтай отырып, тек қана алға демекпіз!!!»
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев