Жамандық көрсем өзімнен...
Жалпы адам өміріндегі болған жағдайдың барлығына адамның өзі себепші,өзі дəнекер болады екен.Əсіресе,өміріміздегі кедергілер тек өзіміздің қорқынышты,күдікті,сенімсізойымыз бен сөзіміздің əсерінен екенін көбіміз біле бермейміз.Қандай кітап оқысам да,кімнің семинар тренингіне қатысып ,кеңесіне құлақ түрсем де барлығында да айтылатын бір ортақ қағида:"Ойыңды өзгерт,өзіңді тəрбиеле,өміріңді өзгертесің ..."Осы қағиданың қаншалықты мүмкін екеніне көз жеткізу үшін алған теориялық білімімді күнделікті өмірімде пайдалана бастадым.Бірақ,мен көп нәрсеге қол жеткіздім.Яғни,өзіммен өзім жұмыс жасай жүріп,сенімділікті ,өз-өзіңді сендіруді,алғыс айта білуді,өз ойыңды таза ұстауды,(соның арқасында жеңіл жүресің,бұрынғыдай ашу- ыза ,өкпе-ренішті ұмытасың)бір сөзбен айтқанда əлсіз ұстаныммен күресуді үйренді,əлі де үйреніп жатырмын.Нәтижесінде маған өмір бұрынғыдан да қызығырақ,маңыздырақ,бұрынғыдай адамның бойынан ең бірінші кемшілік көрмеймін ,жақсы жағын көремін,тек жағымды ойлармен өмір сүру өте жеңіл,армандарыма бір табан жақындадым.Алла Шүкір! Мен бақыттымын! Мен Жеңімпазбын!!!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев