Предыдущая публикация
Туған ауыл, сен үшін тер төкпедім,
Кешір мені,кеш мені сен текті елім!
Бір сағыныш мазалап ертелі кеш,
Жүреді ылғи жанымды өртеп менің.
Туған ауыл ,бəрі есте балалық шақ,
Ойын қуып жүргенім өткен бір шақ.
Еске алумен өтеді күн мен түнім,
Қатты маған қызуың мұң мен шерім.
Қайран ауыл ,қалдың -ау үзіп алып,
Жұдырықтай жүректің бір бөлшегін!
Бəрі есімде бал ғұмыр бала кезім ,
Арман қудым ,гүл теріп, дала кездім.
Жаңақұрлыс қымбатсың маған мəңгі,
Қарашығым секілді қара көздің ! 19.04.2018ж
"Айнагүл Нұрымқызы"
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 17