»
(аудандық сайысы)
Ағымдағы жылдың қараша айында Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығымен бірлесе отырып ҚР тұңғыш Президенті күніне орай ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты аудандық сайысы өтті.
Іс-шараның мақсаты: ҚР тұңғыш Президенті күні , Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кезең-кезеңмен латын әліпбиіне көшу, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, мамандардың қазақ тілінде іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесіне талдау жасау, сараптама жүргізу және оның сапасын арттыру, мемлекеттік тілді жетік білетін мамандарға қолдау көрсету.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар – деген керемет өлең жолдарымен басталды.
Сайыс 4 кезеңнен тұрып, сайысқа: Мұқанова Зүбайра Қайырбекқызы - Ақан Құрманов ауылының бас маманы; Қайыржан Азамат –Бастау ауылының бас маманы; Сұлтангазина Асель Ибрагимқызы –Новоселск ауылының бас маманы; Абдрахманова Раушан Әділханқызы -құрылыс бөлімінің бас маманы: Қапсатар Әнуар Болатұлы - сәулет бөлімінің бас маманы; Абитова Ляззат Жабаевна - Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бас маманы; Сейткасимов Серік Болатұлы - ішкі саясат бөлімінің бас маманы; Сүлейменов Олжас Аманкелдіұлы – аудан әкімдігінің бас маманы; Лембаева Жанаргүл Жылқайдарқызы – Телман ауылының жетекші мамандары қатысып өнерлерін паш етті.
Қатысушыларымызға әділ бағасын берген әділ-қазылар алқасы: Әділхан Дастанұлы Серікпаев - «Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы, қазылар алқасының төрағасы; Кенжеғали Нуркейұлы Қашкимбаев - «Ілияс Есенберлин атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі»ММ директоры ; Камшат Қадылқызы - «Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығы»КММ директоры .
Сайыс қорытындысы бойынша 1-жүлделі орынды Абитова Ляззат Жабаевна, 2- жүлделі орынды Мұқанова Зүбайра Қайырбекқызы, 3- жүлделі орынды Сүлейменов Олжас Аманкелдіұлы және Лембаева Жанаргүл Жылқайдарқызы иеленді.
Сайыс өте қызықты өтті. Қатысушыларымыз әр қырынан танылып, өздерінің тілге деген сүйіспеншілігін, құрметін көрсетіп, бар өнерлерін ортаға салды.Қатысушылар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев