Аурудан аулағырақ жаның болсын.
Қолғабыс беріп тұрар керек кезде,
Ақылды ұрпағыңның бары болсын.
Өзіңнің қара шаңырақ үйің болсын, Күн көріске жетерлік күйің болсын.
Əркімге көзді сүзіп көмек тоспай,
Қартайғанда айналаңа сыйың болсын.
Ұрпағыңа жөн айтар халің болсын,
Өзің жүріп тұратын əлің болсын.
Ауру қысып бойыңды жайлағанда,
Ем қылып ішетұғын дəрің болсын.
Шөл қысқанда дастарқаның дайын тұрсын,
Сүт қатқан қою күрең шайың тұрсын.
Нан менен тəтті тағам араласқан,
Сап сары қолдан шыққан майың тұрсын.
Алыс жақын ағайын аман болсын,
Хабарласып тұратын заман болсын.
Кезінде туыстарға берген көмек,
Жас ұлғая шаңырағыңа сый боп толсын.
Əрдайым қонақ күтер жайың болсын,
Ақ дастарқан жайылып дайын болсын.
Сыйға сый сыраға бал дегендей ақ,
Үйіңде қазы қарта майың болсын.
Ең дұрысы бірге өскен досың болсын,
Жұбайы бар қатарлас қосың болсын.
Жастайыңнан өткерген өмірді еске ап,
Қыран құстай серпіліп көңіл толсын.
Есігіңнің алдында аулаң болсын,
Ойын қуған немере сонда толсын.
Бір мезгіл сыртқа шығып дем алғанда,
Е Алла,Разымын деп көңіл толсын! ...
Берік.М.К. 2019. 06 .08.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 9
Аспанда күнменен ай аман болсын..
Бабамыз армандаған бар қазаққа..
Жаймашуақ, жайдарлы заман болсын?!
Тыныштық заман болсын!