Ертең... Ертең...
Қашан болар ертең күн,
Сені көрген сәтте ғана көркеммін.
Ұйқылы-ояу есінейді есіл-түн,
Сөзге қимас сырды кімге шертермін?
Қазіргі сәт құнын ұқпай бүгіннің,
Ерініңе елес болып іліндім.
Кербез сағат маң-маң басып жылжиды,
Сағыныштан сан құладым, сүріндім.
Ертең деген, аяулы күн не деген,
Сол бір күнге бар ғұмырды төгер ем.
Құр сүлдерім қалсын сосын шашылып,
Қайта тұрып, жараламын көрер ең!
Күндер, күндер саған қарай жетелеп,
Зымыраған жылдарымды бөгемек.
Көңіл жүрер гүлдер теріп көшеде,
Өмір тұрар сендік нұрды себелеп.
Бүгін... Ертең... Біздің ғұмыр бұл деген,
Бізбіз десек ешбір пенде сенбеген.
Кеудемізде ғажайып бар апыр-ай,
Мөлт-мөлт етіп әлі ештеңе көрмеген...🌹Авр//У.Қасымхан...🌹
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 6