ЕГІЗ ӨМІР
Сен менсіз,
Ал мен сенсіз бос күндерміз,
Сияқты жер аспансыз,
Аспан жерсіз.
Қосылса сезім теңіз,
Тасқын - селміз,
Неге біз,
Дауыл жырда қашқын желміз.
Бал әнді бөлек-бөлек салып үнсіз.
Сен менсіз,
Ал мен сенсіз жалғыз жүрміз,
Кездесу...
Келсе де ол қолымыздан,
Неге біз тұрмыз,
Үнсіз,
Қалғып күндіз.
Сен менсіз,
Ал мен сенсіз ен даламыз,
Жазылмай кететіндей ем жарамыз.
Жүздесу жүректерге шын бақыт қой,
Неге біз,
Сол бақыттан кем қаламыз.
Сен менсіз,
Ал мен сеніз тастарданбыз,
Секілді сұңқар өмір асқар таусыз.
Тұйғын құс,
Тұғырна қонса бақыт,
Неге біз,
Сол бақыттан бас тартамыз.
Сен маған,
Мен саған шын табылғанбыз,
Аңсаған,
Адалдықты сағынғанбыз.
Күн кешкен сезімдерден бақыт іздеп,
Тағдырға жеңілмеген,
Бағынғанбыз.
Екеуміз,
Екі өмірдің бағынанбыз,
Сертіне берік жігіт,
Сағынған қыз.
Біріміз бірімізден болсақта алыс,
Егізбіз,
Тұмар болып тағылғанбыз Автор
// У.Қасымхан💋⚘❤✍
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 7