»
«Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығы» ҚР тұңғыш Президенті күнінеорай ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты байқауын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: ҚР тұңғыш Президенті күні , Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кезең-кезеңмен латын әліпбиіне көшу ,мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, мамандардың қазақ тілінде іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесіне талдау жасау, сараптама жүргізу және оның сапасын арттыру, мемлекеттік тілді жетік білетін мамандарға қолдау көрсету.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар – деген керемет өлең жолдарымен басталды. Сайысқа: Мұқанова Зүбайра Қайырбекқызы - Ақан Құрманов ауылының бас маманы;Қайыржан Азамат –Новоалександровка ауылының бас маманы; Сұлтангазина Асель Ибрагимқызы -Новосельский ауылының бас маманы; Абдрахманова Раушан Әділханқызы -құрылыс бөлімінің бас маманы
Қапсатар Әнуар Болатұлы - сәулет бөлімінің бас маманы;Абитова Ляззат Жабаевна - өрт сөндіру бөлімінің бас маманы;Сейткасимов Серик Болатұлы - ішкі саясат бөлімінің бас маманы;Сулейменов Олжас Амантайұлы – аудан әкімдігінің тіл маманы; Лембаева Жанаргүл Жылқайдарқызы – Тельман ауылының бас мамандары қатысып өнерлерін паш етті.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
Қатысушыларымызға әділ бағасын берген әділ-қазылар алқасы:
Әділхан Дастанұлы Серікпаев - «Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жетекшісі. Кенжеғали Нуркейұлы Қашкимбаев- «Ілияс Есенберлин атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі»ММ директоры. Камшат Қадылқызы - «Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры
Сайыс өте қызықты өтті. Қатысушыларымыз әр қырынан танылып, өздерінің тілге деген сүйіспеншілігін, құрметін көрсетіп, бар өнерлерін ортаға салды.Қатысушылар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев