Баяғыда, 20-ға жетпей қыз біткен кетіп қалатын заманда 5 бала туған бір өткір келіншек сағыр күйеуін менсінбей, 5 баласын тастап төркініне кетіп қалыпты. Сол кезде үйіне бұзықтау қайнысы келіп қалыпты. "Жеңешем қайда?" деп сұраса, ағасы міңгірлеп, жөнді жауап бере алмапты. Басқа жеңгелері айтып, түсіндіріпті. Екі ауылдың арасы тым алыс болмаса керек, долылықпен төркініне жаяу тартқан жеңгесінің соңынан тұра қуыпты жігіт. Жетіп алып: "Жеңеше, қайт!" депті. Жеңешесі құлағына да қыстырмапты. "Жеңеше, қайт!" депті жігіт. Жеңешесі көкірегі қайқайған күйі алға тарта беріпті. "Жеңеше, соңғы рет айтамын, жақсылықпен үйіңе қайт!" депті жігіт... Нөл "внимания". Аттың баурына алып сабап, алдына өңгеріп әкеліпті-дағы: "Қатыныңа ие бол!" деп, ағасының алдына лақтырып жіберіпті жігіт...
Ертесіне, күйеуі үйде жоқ кезде абысындары жиылып келіп, келіншектің жағдайын біліпті. "Сұрамаңдар, мен рахаттанып жатырмын..." депті асау келін тілі зорға қимылдап. "Сорлы-ау, өлейін деп жатып рахатың не, таяқ қата тиіп, миыңа зақым келген шығар?" деген әйелдер: "Жоқ, мен шынында да "еркектің қолы" деген қандай болатынын бірінші рет біліп, жаным рахат-та-нып жатыр..." деген жауап естіпті...
Әйелдің тентек болса да ақылды болғаны, екі жігіттің ең болмаса біреуінің отты болғаны дұрыс-ау...
© Өмірзақ Ақжігіт
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 2