Басқалардан Сені өзгеше көрген едім
Ашық көңіл, жайдарлы, жарқын мінез,
Адал дос ең, сырласарға сенімді едің.
Журуші едің ерекше бал-бұл жайнап,
Қайран кундер өткізген куліп-ойнап.
Көз тиді ме білмеймін Ай көркіңе,
Кете бардың келмеске, бізді тастап.
Ұзақ жаттың емханада сарылып,
Барушы едім мен өзіңді сағынып.
Аңдыскан дерт бізді сенен айырды,
Ерте кеттің бұл өмірден мәңгілік!
Соңғы корген кунім әлі жадымда,
Айтқан сөзің құлағымда қалғаны тек.
"-Ұмытпадың мені, рахмет,
Қалайда сен бақытты боласың Жалғасбек!"-деп
Қуанышты
бақытты таңдарымды,
Қарсы алдым достарыммен бірге тойлап.
Сенімен бөлісе алмай қалғанымды,
Өкінішпен еске алам бүгінде ойлап.
Қанша жыл өтсе- дағы ойымдасың,
Асыл жанды, әсем үнді сыныптасым.
Бугін сені еске алып көздерімнен,
Төгілді сағынышты мұңды жасым.
Анаң қалды аңырап аң таң болып,
Үзіліп журегінің бір тамыры.
Бауырларың жылайды өксік толып,
Сен едің ғой тілекші, жанашыры.
Жатқан жерің жәйлы болып, иманды бол!
Сен өмірді сүруге лайық едің.
Еске алып бугін сені жырымды арнап,
Жәннәтта болсын досым жаның деймін!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 2