Оспан батырдың соңғы сәті жайлы Хокс-Холмстың естелігінде былай делініпті: «Мен жүректегі ауыр күрсініспен, көше бойымен атуға әкеле жатқан Оспан батырға қарап тұрдым. Оның шаштары, сақалы мен мұрты күтімсіз еді. Киімі де өте лас әрі жұпыны болды. Батырдың байлаулы екені көрініп тұрды. Қолдары артқа қайырылып байлаулы болғанына қарамастан, ол басын тік ұстады. Жүзінде қорқыныш деген мүлде болмады. Ол өзінің ерлігін де, өрлігін де жоғалтпағаны айқын көрініп тұрды. Оны тіпті батырдың әрекеті мен қимыл-қозғалысы да дәлелдегендей еді. Тіпті сырт көзге ол өзінің өліміне емес, жас жігіттің үйлену тойына асыққанындай әсер қалдырды".
Батыр бабамыздың топырағы торқа, жаны жәннатта болсын!
Суретте бірқатар ақпарат көздері “Оспан батырды тұтқындау сәті” деп жариялаған фото.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 6