Мемлекет басшысының шетелден кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерді Қазақстанға тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында «Ата жолы» көші-қон картасы енгізілген болатын. Әзірге карта 55 адамға берілген. Оның 13-і қазір елге келді. Жоба аясында тарихи Отанына оралғандармен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова кездесті. Жүздесу барысында қандастар жоба туралы пікірлерін айтып, елде атқарар жұмысының жоспарын таныстырды. Олардың арасында денсаулық сақтау, мұнай және газ, құрылыс, білім беру, ІТ саласының мамандары бар. Мәселен, Израильден келген Бекжан Қоңырбаев Анестезиология қызметіндегі кемшіліктерді атап өтті. Ол саладағы жағдайды жақсарту үшін шетелдік тәжірибені қол
Алматыда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің туризм әкімшіліктері басшыларының кездесуі өтті. Алқалы жиында туризм саласындағы әріптестікті одан әрі дамытудың маңызды мәселелері қаралды. ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев өз сөзінде туристік сала – ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың маңызды бағыты екенін атап өтті. Кейінгі жылдары туристер ағынының тұрақты өсуі байқалды. Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанға келетін шетелдік туристердің 62%-ы ШЫҰ елдерінің азаматтарына тиесілі. Қазақстан ұйымға мүше елдің барлығымен визасыз режим орнатқанын айта кеткен жөн. «Туризм – ел экономикасының дамуына, жұмыс орындарынан бастап экономиканың негізгі салаларындағы маңызды и
Алматыда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің туризм әкімшіліктері басшыларының кездесуі өтті. Алқалы жиында туризм саласындағы әріптестікті одан әрі дамытудың маңызды...
Ақтау қаласында Қазақстан-Қытай автотасымалдау жөніндегі бірлескен комиссиясының отырысы өтті. Осылайша ел тарихында тұңғыш рет Құрық және Баку теңіз порттары арқылы Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия бағыты бойынша жүктерді тестілеу режимінде автокөлікпен транзиттік тасымалдау жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан-Қытай комиссиясының автокөлік жөніндегі отырысын өткізу шеңберінде Үрімші қаласынан шыққан салмағы 80 тоннаны құрайтын алғашқы үш қытайлық жүк көлігі транзиттік маршрут бойынша өтіп, 23 мамыр күні Ақтау қаласындағы «Құрық» портында Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия бағыты бойынша қозғалысты жалғастыру үшін паромға тиелді. «Өткен жылы қытайлық тараппен жүктерді автокөлікпен тасымалдау бо
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен иордан халқын барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Иордания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. – Иордания – Қазақстанның Таяу Шығыстағы және араб елдері өңіріндегі сенімді серіктесі. Халықтарымыз арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі мазмұнды саяси диалогқа негізделген қатынастарымызды дамытуға Сіздің қосып отырған үлесіңіз бен сіңірген еңбегіңізді жоғары бағалаймын. Болашақта да қазақ-иордан серіктестігін арттыруда бірлесе күш-жігер жұмылдырып, ықпалдастығымызды жаңа белестерге көтеретінімізге кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Короліні
– Иордания – Қазақстанның Таяу Шығыстағы және араб елдері өңіріндегі сенімді серіктесі. Халықтарымыз арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі мазмұнды саяси диалогқа негізделген қаты...
Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. – Төрегелді Шарманұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді. Отандық медицинаның алға басуына бар қажыр-қайратын жұмсап, көптеген игі іске бастамашы болды. Қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді. Өзінің жаңаша мектебін қалыптастырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы, ғибратты ғұмыр кешкен Төрегелді Шарманұлының жарқын бей
Бүгін 3 820 703 оқушы 2023-2024 оқу жылын аяқтайды\. Шамамен 3,9 млн қазақстандық оқушы 2023-2024 оқу жылын тәмамдайды, оның ішінде 186 мың түлек мектеппен қоштасады. Биыл ұзақтығы 34 апта болған оқу жылы 25 мамырда аяқталады. https://baq.kz/bugin-3-820-703-oqushy-oqu-zhylyn-ayaqtaydy-332415/