Сондай-ақ, Ұлы Абай атамыз: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға», «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап», «Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі», т.с.с көптеген насихаттары арқылы өз халқын өрлеуге үндеген болса, басқа ойшылдар «Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл» (Шәкәрім Құдайбердіұлы), «Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ» (Бауыржан Момышұлы), «Адам өзін еңбектен қалдырмағаны, Қарттыққа аяғын алдырмағаны» (Ыбырай Жақаев) деген саң мыңдаған нақылдарын теріп жазып, термелеп айтып тауыса алмаймыз. Осы айтылғанның барлығы асыл дініміздің мұратымен үндесіп жатыр.
Мұның бәрі де саналы адамға адал жолмен мал тауып, отбасына, елге адал қызмет етуді, отбасын адал жолмен асырауды, еңбек еткен адамның мерейі тасып, ырысы көбейетінін насихаттайды.
Бірде Алланың Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір жолы Сағыд ибн Муғазды (Алла оған разы болсын) жолдан кездестіріп, екеуі қол алысып амандасқанда, сахабаның қолы тілімденіп, күстеніп кеткенін байқайды. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) себебін сұрағанда, Сағыд ибн Муаз (Алла оған разы болсын) отбасын асырау үшін еңбек етіп жүргенін, қолы содан тілімденгенін айтады. Сонда Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оның жауабына сүйсініп: «Міне, Алла осындай қолдарды ұнатады», – деген еді. Еңбекпен тапқан нан тәтті!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 2