1,5 жастан 2,5 жасқа дейін – баланы дәретке үйретудің ең жақсы уақыты. Міне, Сізге сәбиіңізді дәретке үйретуге көмектесетін бірнеше кеңестер:
- Ең алдымен тұрақты, жарқын, батырмаларсыз, алаңдатпайтын және суреттерсіз горшок сатып алуды ұсынамыз;
- Оны қолжетімді жерде қою керек. Сондай-ақ, сәбиге не үшін қажет екенін айту керек;
- Сәбиіңізді қуантыңыз-үйде ол енді жөргекпен жүрмейтін болады. Енді ол өзі горшокқа баратын болады;
- Жылдың жылы уақытында үйреткен жөн;
- Тез шешу үшін балаға жеңіл киімдер кигізген жөн. Баланың киімдерінде қиын ілгектер мен аспабаулар болмау керек;
- Егер бала «істеп қойса», ашуланып, наразылық білдірмеңіз. Балаға қысым көрсетпеңіз: ол жаман нәрсе жасадым деп о