2023 жылдын 10 сәуірінен бастап Қарағанды облысының аумағында халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталады. Аталған акция Қазақстан Республикасының ІІМ-нің 27.03.2015 жылғы №266 Бұйрығымен бекітілген, заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру Ережесіне сәйкес қатаң түрде өткізілетін болады. Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ақшалай сыйақы үшін өз еркімен тапсырған азаматтар Қарағанды облысының кез келген аумақтық полиция органына өтініш бере алады. Азаматтар телефон арқылы осы заттардың орналасқан жеріне жүгінген кезде полиция қызметкері орнына барып, барлық қажетті іс-шараларды жүргізе