Жолда таңы атып жүрген,
Жолда күні батып жүрген,
Автол, бензин, солярканың,
Дәмін жиі татып жүрген.
Қыста тоңып қатып жүрген,
Соляркасын сатып жүрген.
Кейде сынып, кейде тұрып,
Жол бейнетке батып жүрген.
Баяғы батыр бабалардай,
Тәуекелге барып жүрген,
Жолда талай арып жүрген,
Сары бала қамы үшін деп,
Көп бейнетті танып жүрген.
Ақылы мен тәжірибесін,
Қайратына жанып жүрген,
Еркектікпен, ерлікпенен,
Нәпақасын тауып жүрген.
Барлық шопыр нағыз батыр,
Семьясын бағып жүрген!
Мерекелеріңмен, жігіттер!