Қос өгіздей қосақтап қос тілімді,
Шығармады жазықсыз кім үнімді.
О заманнан өтті ғой мына заман,
Екі тілмен көргейсің өз күніңді.
Тағы қандай сиың бар көрсетерлік,
Пайдасы жоқ жиын бар құр бекерлік.
Жетпеседе айлығым шайлығыма,
Бір басымда қос тілім сол жетерлік.
Сыншы емеспін әрине сына тағар,
Елім деген адамдар кімге жағар.
Өз елімде өз тілім абыройсыз,
Сөздерімде қалмады-ай өлең жазар.
Атқа қонар ер болса аттан үшін,
Бар қазағым бірікпей келмес күшің.
Топан суды жайлаған топалаңнан,
Қос тіл екен шығатын жалғыз шешім.
Ай заманай неліктен жанымды ілдің,
Қос тіл десе келеме сенің күлкің.
Жойғың келсе қазақты тіліменен,
Ауылдарды құртуғой соны білдім.
Көрсембе енді елімнің жарқын жүзін,