Кемпір деген кім?
Қазіргі жастардың көбі келіншегін – «кемпірім», күйеуін – «шалым» деп жиі атайды. Жастар кемпір, шал сөзінің шынайы мағынасын білмейтін болар. Егер де сол сөздің мағынасын білсе, «кемпірім», «шалым» деп айтпас еді. Кемпір сөзінің былай болу керек деген нақты ережесі жоқ.
Кемпір деп күйеуі қайтыс болған егде жасқа келген әйелді айтады. Қазақта «пірсіздің пірі – шайтан, әйелдің пірі – күйеуі» деген мақал бар. Кемпір – пірі кем әйел дегенді білдіреді. Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қорлатпаған халық. Күйеуі қайтыс болған келіншекті жесір деп атаған. Күйеуінің бір жылдық асын бергеннен кейін ел ақсақалдары жиылып жесірді қайнысына, не қайнағасына атастырған. Ал егде жасқа к
Болған оқиға ізімен.
Қазір көп әкелер әйеліне *"қолқанат"*. баласына *«құл»*болып жүр.
Алты жасар балам *«су ішем, мама, су ішем»* деп еді, ана жақта бала емізіп отырған әйелім кітап оқып отырған маған:
*«анаған су құйып бере салшы!»* деді. Мен осының алдында ғана осы *«Намыс»* сайтындағы *«Әкенің беделі қалай өседі?»* деген анау бір мақаланы оқымағанда баяғымша ұшып түрегелер ме едім, міз бақпадым. Естімеген кісідей есінеп-құсынап кітабымды оқи бердім. Бір кезде емшектегі баланы сілке тастап қатыным жұлқынсын. *«Кішкентай ғана нәрсе ғой, тұяғың қимылдаса өліп кетесің бе?»*-деп шаптықты кеп. Үндемедім. Күн күркіреп, найзағай жарқылдап, жаңбыр сіркіреп басылған соң, ештеңе