Нендей тылсым екені белгісіз, немерені өз балаңнан артық көресің. Әлде өз балаң есейіп кеткен себепті көрінеді ме екен...Өмірге екі қыз әкелсем де, немереге деген сезімді олармен салыстыруға мүлде келмейді. Әрбірінің қылығын көргенде текке ғұмыр сүрмегеніңді сезінесің.