Әжесі ертіп Күмісті,
Барып еді базарға.
Жайнап кетті көздері,
Жеміс толған айнала.
-Әже,әже қарашы,
Мөлдіреген жемістер.
Әнебіреу алмұртты,
Көрдіңіз бе алманы.
Әперші,-деп өтінді.
Сасқалақтап әжесі,
Не айтарын білмеді.
-Ертең алып берейін,
Қазір ақша жоқ,-деді.
Не дегенің әжетай,
Егер ақшаң болмаса,
Ертіп алып базарға.
Мені неге ап келдің?
Деп жылады Күмісай.
-Ештеңе де білмеймін,
Сөзіңізге сенбеймін.
Әпер деді алманы,
Деді дағы бұртиды.
Етке деген ақшаны,
Үнемдеді әжесі.
Алып берді алманы,
Жүзімі мен алмұртты.
Күмісай бір керілді,
Аузына сап жемісті.
Шыртылдап жеді өзі,
Әжесіне бермеді.
-Әй,Күмісай,Күмісай,
Қызық болды бұл өзі.
Ренжіттің ғой әжеңді,
Әжеңе де бермедің,
Деп әжесі ренжіді.
-Жылап алған жемісім,
Мұның бәрі менікі.
Керек болса өздері,
Сатып алсын керегін.
Деп Күмісай жемісін,
Ешкімге де бермеді.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев