Қазақстан Республикасы
Президенті
Қ.К.Тоқаев мырзаға
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналардан
Жазбаша хат-хабар мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Абай көшесі 8, 326 пәтер.
Ұялы тел.: 8775 440 73 68
Қазақстан Республикасының Конституциясының 40 бабына сәйкес Президенті - адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Біз мүгедектер мен мүгедек балалары бар ата-аналар жоғарыда аталып өткен бапқа сүйене отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар тарапынан құқықтарымыз бен заңдық мүдделерімізді кемсіту іс-әрекеті орын алғанын хабарлаймыз.
Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияның 28 бабына сәйкес, қатысушы мемлекеттер мүгедектердің мемлекеттік тұрғын