Бүгін немереміз ЕРАСЫЛға 1 ай👏
Алғаш рет немеремді қолыма алып, бауырыма басқан күнім👍💃
Алғаш жаңа өмірдің есігін ашқан сәтінде жанында болдым, өте керемет сезім.
Немерем ЕРАСЫЛҒА тілерім, айларыңа айлар, жылдарыңа жылдар қосылып, ғұмыр жасың ұзақ болсын балапаным🙏
Аллам басыңа бармақтай Бақ берсiн, денсаулығың мықты болсын, болашағың жарқын, жолың ақ, несібең мол болсын.
Жүрегіңде иман, бауырмалдық, адамгершілік, қамқорлық қасиеттерің мол болсын, атыңа сай елiмiздiң асыл, беделді ЕР жігіті бол құлыншағым🙏
Ғабит атаңның тегін жаксы жағынан шығарып, ұрпағын жалғастырып, Әулетіміз өсіп, өне берсін 🙏
Сені қатты жақсы көретін, қамқор Жанерке апатайын аман болсын 🙏
"Бала ата-анасымен бахытты" дегендей, Аяным мен Аружаным бахытты, ғұмырлы, бай-қуатты, берекелі отбасы болып, балапандарының тек бахытын көрсін 🙏
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 1