Жаңа ғана таң атқан сияқты еді, қарасам... Кешкі алты болыпты.
Дүйсенбі деп тұрып жатыр едік, бүгін жұма боп қойыпты.
...осылай ай өтті.
...осылай жыл өтті.
...осылай өміріміз зу ете қалады
Қайта оралуға кеш екенін түсінеміз. Солай... Ендеше қалған уақытты мейлінше қайырлы қылып өткізелік. Өзіңе ұнайтын істі іздеуге ұялма.
Жүрекке нәр беретін ұсақ-түйектерге жылы жымиюды үйрен.
Уыстан сусып кетпеген уақытымыздың қадірін білейік.
"Сосын" деген сөзден құтылып көрейікші...
Мен мұны сосын істермін...
Сосын айтармын...
Кейін ойлармын...
Маңызды істің бәрін кейінге қалдыра береміз.
"Сосын" оның бәрі біздің еншімізге бұйырар-бұйырмасын ойламаймыз...
Себебі, ең маңыздысын түсінгіміз келмейді.
Сосын:
Сосын - приоритеттер өзгеріп кетеді...
Сосын - жыл бітеді...
Сосын - денсаулық қалмайды...
Сосын - балалар есейіп кетеді...
Сосын - ата-анаң қартайып қалады...
Сосын - уәде ұмытылады...
Сосын - күн түнге ұласады...
Сосын - өмір өтіп кетеді...
Сосын ылғи кеш қап жатамыз. Сондықтан... ештеңені кейінге қалдырма, себебі "сосынды" күтіп өмірдің ең жарқын сәттерін өткізіп алуың мүмкін.
Өкінгенмен уақытты кері қайтара алмайсың...
Ең жақсы тәжірибеңді,
Ең жақын досыңды,
Отбасыңды...
Бүгініңді...
Осы сәтті...
Өткізіп аласың.
Бәрін қазір істе!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев