Мына сапырылысқан өмірде, балаларға уақыт бөлу өте қиын. Соны алла тағалам көріп тұрғандай балаларымыздың жанына жиып қойды. Енді сол уақыт ақпарат көздеріне үңіліп, әр жаңалықтан шошымай бір мезгіл осындай ойындар өткізу өзіміз үшін де бала үшін өте үлкен қуаныш. Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады. Адам баласы уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ. «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін біл, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біл, қысылтаяңнан бұрын бос уақытты қадірле және өлмей тұрып, тірілігіңді ғанибет біл»
3 ә сынып ата-анарыма алғысым шексіз. Балапандарыма рахмет белсенділік танытқаны үшін. Мұғалім, бала, ата-ана- арасындағы тығыз қарым қатынас болашақ тәрбиелі азаматтар өсуіне жасалған бір қадам.