Бүгін Ақсу қаласының орталық кітапханасында үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген жастарға қолдау көрсету, қазақстандық рухани бірлікті нығайту мақсатында өткізілген «Тіл шебер» атты қалалық байқауы өтті. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең қазақ халқының салт- дәстүрі, байырғы кезеңнен келе жатқан әдет-ғұрыптары жайлы сұрақтар. Екінші кезең ағылшын тілінде өз өнерін көрсету, өлең, тақпақтар айту. Үшінші кезең орыс тілінен сұрақ-жауап айдары болды. Қатысушыларымыз жүлделі орындарға ие болып, силықтармен марапатталды.Осындай сайысты ұймдастырған Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне алғыс айтамыз!