Көргенде өзгелердің ағаларын,
Сен есіме түсесің ағажаным !
Қызыға да қызғана қарап тұрып,
Аңсаймын мен өзіңді сағынамын.
Айтып келмес дерт екен ажал деген,
Арамыздан әкетті-ау ажал мерген.
Егіз қозы секілді жүруші едік,
Мейірімің өзгеше ет маған деген.
Жыбырлап, тынбайтынсың,ерке едің,
Есімің де Еркебұлан көркем еді.
Менің ұлым саған тартқан тым бауырмал,
Қарап оған көргендей болам сені.
Тірі болсаң қырықта болар едің,
Той жасар ек, мейманам толар еді.
Ерке деп атын қойған ұлың қалды,
Бір ғана, жұбанышым, сол ғана, енді.
Құшақтап жібермеуші ең, сүйіп мені,
Сезді ме екен, жүрегің әлденені?!
Өміріңнің тым қысқа болатынын,
Білгенімде, өзгеше сыйлар ма едім?!
Үйленіп тойыңды да, өткерген ең,
Ата-анам қуанып, бір алған ет дем.
Үшінші күн қапыда зар жылатып,
Бізді тастап, кете бардың, аға, әттең..
Бұл жалған, кімге бақыт, кімге тұғыр?
Атыңды, тек, қалдырдын тұмар етіп.
Әттең, аға, қысқа болды,жазған ғұмыр,
Тастап кеттің, ініңе сыңақ етіп .
Риза бол, аға, өмірде қалғандарға,
Жалғанда мәңгі қалған жандар бар ма?
Құран оқып, басыңа барып тұрып,
Өкініштен өртенем "жаханнам"ға !..
Атап өтіп, әр жыл сайын еске алам,
Қәдырің өтер, бірақ , әр күн сайын.
Тағдырға амалым не, не істей алам?
Шерімді босатамын, жаспен дәйім.
Жұмада Құран оқып, бағыштайын,
Жәннаттан болсын орның ағатайым!
Сен барда, жағам-жайлау, қос ауыл ем,
Айрылып қалдым, әттең, жазатайым!
Қош енді, қош бол, менің ағатайым!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 2