2024 жылғы 9 мамырда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан теміртаулық жауынгерлерге арналған ескерткіштің жанында "Есімізде" атты тарихи инсталляция ашылды. 3 бөліктен тұратын музей аймағы ұйымдастырылды. Бірінші бөлікте қор жәдігерлері негізінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің интерактивті аймағы "Далалық госпиталь" қайта жаңғырды. "Соғыс сандары" орналасқан бөлікте - қаралы стелаларда соғыстың статистикалық цифрлары қор жәдігерлерімен толықтырылған. "Далалық пошта" - Теміртау музейінің көпжылдық акциясы. 5 жыл ішінде 11 200 "Үшбұрыш хаттар" жиналды, онда акцияға қатысушылар ҰОС батырларына құрмет ретінде "Есімізде" деген сөзді және өз есімдерін жазды. Билғы жылғы 9 мамырда "Далал
Самарқанд ауылында менің әкем зауыт құрылысында темір ұстасы болып жұмыс істеді . Анам үй шаруасымен айналысты, ал мен болсам 41-ші жылдың жазында балмұздақ сатушысы болып жұмысқа тұрдым. Армандағы жұмыс. Бірақ... соғыс басталды. 41-ші жылдың шілдесінде әкемді майданға шақырды. Сол кезде барлық ер адамдар кетті. Бәрі өзгерді... мұндай жағдайда қайдағы балмұздақ? Мен электр станциясына монтер болып жұмысқа тұрдым. Өте қиын болды. Жұмысшылардың көпшілігі әйелдер мен қарттар, жартылай аш, үстерінде жылы киім, аяқтарында аяқ киім жоқ. Олар тек КарГРЭС-те ғана жұмыс істемеді. Сол үрейлі жылдары біздің ауылда металлургия зауыты мен синтетикалық кәушік зауыты салынды. Күні бойы жұмыста, демалыс
...Әкемнің жылағанын бірінші рет көрдім.. Бұл 1941 жылы 23 маусымда біздің үйге шақыру қағазын әкелген әйел келген кезде болды. Мен медбикемін, сондықтан майданға шақырылғандардың алғашқыларының бірі болдым. Асығыс заттарымды жинап жүрмін, өзім тоқтамай сөйлеп жүрмін: - Әкешім, не болды саған... бәрі жақсы болады. Қатты құшақтасып қоштастық. «Мүмкін әкемді соңғы рет құшақтап жатқан шығармын» деген ой келді. Шақыру пунктінде мен таныстарымды кездестірдім: құрбым Маша мен курстасым - жалғыз медбике жігіт Сережаны. Бізді жан- жаққа бөліп жіберді… Мен жылжымалы госпитальға түстім. Біз әскерлердің соңынан жүріп отырып, жаралыларды шексіз ағынмен қабылдадық. Санитар қыздар мен жігіттер өз өмірлері
1941 жылдың жазында мен Самарқанд ауылындағы мектепті бітірдім. Бұл жылдар қуанышты оқиғаларға толы болды: біз мұғалімдерімізден көптеген қызықты нәрселерді естіп білдік, қаншама кітап оқыдық... спорттық жарыстарға қатысып, мектеп театрында спектакльдер қойып, мерекелік концерттер ұйымдастырдық. Мен акробатикалық үйірмеге қатыстым, сурет салумен айналысатынмын, гитарада ойнадым, бірақ шынымен жақсы көретінім математика еді. Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, ғылыммен айналысуды немесе туған мектебімде сабақ беруді армандадым. Біздің бітіру кешімізді ешқашан ұмытпаймын. Бір күн бұрын қазақ тілінен емтихан тапсырып, сүйікті ұстазымыз Шайхайдаров Тағат Сафитжанұлымен соңғы жалпы суретке т