Бүгін аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті. Жаңа жыл, әсіресе балалар үшін сиқыр, ғажайып пен ертегі кезеңі. Балалар осы күннің басталуын асыға күтуде, сонымен қатар Аяз-Атадан жаңа жылдық сыйлықтар мен тосын сый күтеді. Ауданның 40-тан астам баласы үшін бұл ертегі шындыққа айналды.
Балаларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтауға аудан әкімі Виктор Радченко келді. Виктор Николаевич шаршы топта сөз сөйлеп, кішкентай қонақтарға денсаулық пен сәттілік тіледі. Сабақты жақсы оқып, үйірме, секцияларға қатысып, бақытты балалық шақ өткізуге тілектес екенін айтып жеткізді.
Аудан басшысы мерекеге құр қол келмей, әр балаға қымбат сыйлықтар таратты.
Мереке сәнін әдемі театрландырылған қойылым келтірді