*Найман келіні Ақсұлудың оқиғасы.*
Ел тарихы бойынша қазақтың Орта жүзінен: Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Уақ, Керей деген 6 ұл туып, олардан 6 тайпа ел тарапты. Солардың ең үлкені Арғында 6 ұл, Найманда 7 ұл болған екен. Бірақ Найманның 6 ұлы жастай өліп, Тоқпан деген жалғыз ұлы қалыпты. Оған Баба мырзаның қызы Ақсұлуды алып береді. Бірақ Ақсұлу келін болып түскеннен кейін көп ұзамай Тоқпан қайтыс болады. Сөйтіп Ақсұлу 18 жасында жесір қалады. Найман атасының: " Ұрпағым үзілді-ау" - деп зар жылаған қайғысын күнде естіп, Ақсұлудың қабырғасы қайысады екен.
Он екі ай өтіп, Тоқпанның жылы беріледі. Жылы өтісімен, Арғынның алты ұлы Ақсұлуға кезек-кезек кісі салады. Əмеңгерлік жолымен біреу