Жалғыз ұлдан қызық көрем деп едім,
Ыстық тамақ бұл күндері жемедім.
Жаурап тоңып жатқанымда ауырып,
Маған келіп не болды әке демедің.
Қатыныңды менен артық санадың,
Суық тамға мені әкеліп қамадың.
Қатыныңа қымбат көйлек әперсең,
Жыртығымды өзім тігіп жамадым.
Жасым болса тоқсан бірге таяды,
Маған енді кімдер құшақ жаяды.
Ұлым - ау сен танымастай өзгердің,
Қайда кетті қамқор ұлым баяғы.
Немеремді сүю арман болды ғой,
Көңілімде шерде қайғы толды ғой.
Жата жата жамбасымда ауырып,
Кеудемдегі жүрек сорлы солды ғой.
Анаң байқұс өтті -ау саған жалтаңдап,
Ал сен болсаң жүрсің қазір талтаңдап.
Инабатты келін болар деп едім,
Осыма еді алғаның сенің жар таңдап.
Бұлай мені