1МАМЫР
Қазақстандағы Халықтар достығының күні. Өзіңді біреу құрметтесін десең, өзге ұлтты да құрметтей біл.Менің бала кезімде біздің үйде еңгезердей орыстың сары шалы жүретін. Ол кісі келсе ата-анам құшақ жайып қарсы алатын, дастарханын жайып қонақ қылатын. Басында біздер үрпиісіп, есік-тесіктен сығалап қорқып жүретібіз. Адамға тартылыс күші мейірімділіктен тумай ма? Кейін ол кісіге етіміз үйренгені соншалық бауырларымызбен жанына жатуға таласатынбыз.Қаладан келер сәтін кәдімгідей сағынышпен күтеміз, жолын тосып жүреміз. Атай да бізді еркелете білді.. Қаладан тәттілер, қияр, сәбіз, қызанақ әкелетін. Ол кезде біздің кішкентай ауылда көкөніспен айналысар жандар жоқтың қасы еді...Бақыттың
Фото - альбомда түрлі суреттер
Жүрекке ыстық асыл бейнелер
Есіме түссе көзкөргендерім
Жанымды жалын сағыныш тербер
Қараша үйдің суреті ғажап
Жүрекке ыстық әр қазық,бау-шарбақ
Асыр сап өткен қайран күндер-ай
Балалық ізін сағынам, аңсап
Толғаныс терең, ой түбі шыңырау
Елесін кезем, қиялдап, шарлап
Ортада орның ойсырап тұр-ау
Қайран да менің әкем, анам-ау
Қолдағы қалған сурет бейнеңмен
Сырласам кей сәт, сол жанға жалау
Жаным-бауырларым, дос-құрбыларым
Жастық әлемім, тұнық армандарым
Суреттер сөйлеп, бір жүрген күнге
Елітіп мені шақырғандайын
Таза бұлақтай кіршіксіз әсем
Балалық шақтың суретін көріп
Естеліктерге шырмалып тұрмын
Тұңғиық ойдың жетегіне еріп
Өткен күндерім неткен та