ҮЙДЕГІ ҚЫЗДАРЫМЫЗҒА СЫЙЛЫҚ ЖАСАДЫҚ.
Ұлдарыммен бүгін үйдің айналасына үйдегі қыздарымызға арнап неше түрлі көпжылдық гүлдерді отырғызып, сыйға ұсындық.
Әр гүлдің түбін қордалап, қара топырағын жұмсартып, дұрыстап отырғызғандай болдық, енді өніп кетуі үшін күнделікті суғарып, күтіп, баптау ғана қалды.
Ал, үйдегі аруларымыз күнде таңертеңгісін оянған сайын терезеден гүлдердің құлпырғанын көріп, өздері де құлпырып, көңілдері көтеріліп жүрсін деп тілейміз.