Әсел Оспан
Сағынба мені,
қайтесің енді сағынып,
Жайымды менің
жүрсің бе енді жаңа ұғып.
Жылдарда қалды
көнеріп кетті көмескі із,
Бұйырды тағдыр
өзгенің сені жары ғып.
Сағынба мені,
шағала сезім кетті ұшып,
Сезімдер тұнып,
мөлдіреп тұрып төкті шық.
Оятып кеткен
таңдарға жалғап үмітті,
Айналып жырға
кеткенмін бірге көкке ұшып.
Сағынба мені,
арада жылдар өтсе де,
Басымнан бұлттай
Алатау асып көшсе де.
Көктемім кеп,
орнаса жанға жазым да,
Жаңбырлы күздің
ызғары сүйіп өпсе де.
Сағынба мені,