Германияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған фотокөрме ашылды
МАЙНДАҒЫ ФРАНКФУРТ, 2021 жылғы 29 қыркүйек – мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30-жылдығын атап өту аясында Майндағы Франкфурт қаласының белгілі «Skyline Plaza Messe Frankfurt» бизнес және сауда орталығында Қазақстанның мәдениетіне, экономикалық әлеуетіне, салт-дәстүрлеріне, саяси және халықаралық жетістіктеріне арналған фотокөрме ашылды.
Ашылу рәсімінде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов және Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаев мемлекетіміздің тарихы мен халқымыздың мәдениеті, сондай-ақ салт-дәстүрлері туралы айтып өтті.
Герман тарапынан фотокөрмені ресми түрде Франкфурт қал