Мойныңа көптен асылмай,
Сағындым әке иісіңді...
Қасиетті үш әріптен тұратын «әке» деген сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Әкемсіз өткен әрбір күн мен үшін өте ауыр. Әкешім,Өзіңізге деген сағынышым үдей түскендей. Әкешім, сізді бір көру арманым болып қалады. Сіздің жоқтығыңыз қиналған сәтте қатты білініп, жанымызға қатты батады. Егер сіз болғанда, өмірге деген көзқарас мүлдем басқаша болар ма еді? Кім біледі? Әкетайым, біз сізді әрқашан жүрегімізде сақтаймыз.