2024 жылғы18 қаңтарда сағат 24.00-ден 19 қаңтардың сағат 04.00-ге дейін Ертіс өзенінің жағасында қалалық жағажайға жақын жерде шомылу рәсімі ұйымдастырылады. Осы уақыт аралығында жедел жәрдем мен полиция бөлімшесі кезекшілікте болады, киім ауыстыратын шатыр мен ыстық шай ұйымдастырылады. Мұз шұңқырына сүңгуге бел буғандарға Төтенше жағдайлар министрлігі де кеңес береді!!! «Суға шомылу үшін тек құтқару қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері орналасқан арнайы орынды пайдалану керек. Суға түспес бұрын, денені жылытып, шынықтыру жасау ұсынылады, мұз тесігіне сенімді, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен жақындау қажет. Мидағы қан тамырларының тарылуына жол бермеу үшін басты суға баты