Осыдан екі жыл бұрын, жаз айы. Қызым екеуміз поездге отырдық. Астынғы орынға билет алғанбыз, қызымның орнының жоғарысына бір апа орын алған екен. Жоғарыға мініп түсуінің қиын екенін байқаған қызым, мама мына апамен ауысып алайынба деді. Жарайды деп едім, апа қуанып алғысын жаудырды. Оразадан кейінгі кундер еді, қарызы бар екен, аузы берік.
-Қызым бақыттысыңба деп сұрады апа, шəйдің үстінде. Бір əңгіме айтқысы келіп отырғанын сездім.
-ИЯ БАҚЫТТЫМЫН деп айтайын деп тұрдымда анамның сөзі есіме түсіп кетті. Бақытсыз жандардың жанында өзіңнің бақытты екеніңе мақтанба, жаны жабырқап қалады дейтін анам.
ШҮКІР АПА, тəуліктің жартысы кун жартысы түн ғой дедім.
-Менің сенімен жасты қызым бақытсыз.