ӘКЕҢЕ НЕ ІСТЕСЕҢ,
АЛДЫҢА КЕЛЕДІ...
(Әңгіме)
- Әке, қалай, зерікпедіңіз бе?
- Жоқ.
- У-шу, күйбеңі көп қаладан өкпеңіз қысылмады ма дегенім ғой.
Жарылқап үнсіз қалды. Баласының не айтқысы келгенін түсінді. Кеше ғана ұлы келінімен сөзге келіп қалған еді. Жарылқап сол күні таңертең немересін саябаққа ертіп кеткен. Күн арқан бойы көтерілгенде пәтерге оралды. Сонда ас бөлмеден шаң-шұң еткен дауыстар естілді.
- Екі ай болды ғой, қашанғы жүре береді?
- Енді кішкене шыдашы.
- Жетер. Шаршап кеттім. Сенің әкеңнің қас-қабағына қараймын деп шашым ағаратын шығар. Кір-қоңын жуудан ығырым шықты. Болды, енді өзі жусын, не сен жу. Мен енді шыдай алмаймын. Басқа балалары да бар емес пе, соларға барсын. О,