Жұлдыздардай шашырап жатқан арманға
Қол созсам ұқсайды ұзап бара жатқанға
Білемін жете алмаймын ғой ол ғарышқа
Қиялым жетелейді не бір ғажайып алысқа
Менің әлемім толы құпия жұмбақтарға
Жауабын таппадым өзім қойған сұрақтарға
Тек кеудемде сөнбей тұрған гүл ғұмырым
Ұмыттырған көңілімнің шер-мұң қайғысын
Менің сұлу әлемімде сезімім жүрегімді жаулаған
Шоқ боп жанған кеудемде үміті бар оты лаулаған
Тәтті сезімнен туған талай әндерім жазылмай-ма
Қиялменен жастық шағым қайта маған оралмай-ма
Әнімнің нотасын баса алмай талай қиналғанда
Тап болғандай төтеп бере алмайтын ағыстарға
Көз ілмей ұйқысыз тұрып атырып ала таңымды
Мазалап әуен нотасын бас деп қинайды жанымды
Ей күмән жолы апаршы мені арм