21-ші наурыз күні Нұра ауданында жаңару мен жаңғырудың, ынтымақтың мерекесі саналатын Ұлыстың Ұлы күні тойланды. «Нұра» стадионында өткен мерекелік шарада ауданымыздың ұлы тұлғалары есімі берілген алты қанат ақ ордалар тігілді. Солардың бірі - ақын, филология ғылымдарының кандидаты, жерлес ақынымыз Бүркіт Ысқақұлына берілді. Осыған орай Б.Ысқақұлы ат. Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері мерекеге жиылған тұрғындарды Бүркіт Ысқақұлының өмірі және шығармашылығымен таныстырды. Құрметті жерлестер! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Елді бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін Наурыз мерекесі Отанымызға — береке
Б.Ысқақұлы ат. аудандық орталық кітапхана оқырмандарын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтайды! Центральная районная библиотека им. Б. Ысқақұлы поздравляет пользователей библиотеки с праздником Наурыз – Великим днем улуса!
Құрметті оқырмандар! Сіздерді 18 наурыз сағат 11.00 -де «Шаңырақ күніне» арналған «Жастар» алаңында өтетін «Киіз үйдің құдұретіне жоқ талас» тақырыбында мұражай экспонаттарының көшпелі көрмесі мен Б.Ысқақұлы ат. аудандық орталық кітапхана дайындаған «Салт-дәстүрім берекем!» атты театрландырылған көріністі тамашалауға шақырамыз! Уважаемые читатели! Приглашаем вас на передвижную выставку музейных экспонатов «Киіз үйдің құдұретіне жоқ талас» и театрализованное представление «Салт-дәстүрім берекем!» Нуринской ЦРБ им. Б.Искакова, посвященное «Дню Шанырака», которое состоится 18 марта в 11.00 часов на площади «Жастар»!
Құрметті желі пайдаланушылар! Б.Ысқақұлы атындағы орталық аудандық кітапхана «Наурыз тойы мереке, салт дәстүрім береке» атты онлайн танымдық челлендж аясында отбасылық салт-дәстүрлерінің бірі – «Ұрын бару» салтын ұсынады. Челенджді жалғастыруды Жараспай ауыдық кітапханасына жолдаймыз.
Ағымдағы жылдың 1-ші наурыз күні Б.Ысқақұлы атындағы аудандық орталық кітапханада Нұра ауданы әкімдігі ұйымдастыруымен «Алғыс айту - парызым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында Қазақстанның соңғы жүзжылдықта бастан өткерген тарихи оқиғаларының көрінісі баяндалды. Қатысушылар назарына «Бір ел – бір халық» бейнефильмінен үзінді ұсынылып, жаңа мерекенің символы ретінде таңдалған ұлттық тағамымыз – құрт жайында ақпарат берілді. Кітапхана қызметкерлері кездесу қонақтарын қазақ әдебиетіне үлкен еңбегін сіңірген неміс ұлтының өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бельгердің , танымал ақын - Ангелина Ружинаның және жерлес ақынымыз Виталий Туляковтың әдеби шығарма