23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай Б.Ысқақұлы ат. Аудандық орталық кітапханада «Кітап – сарқылмас, рухани қазына!» тақырыбында «КІТАПшоу – 2024» фестивалі өткізілді. Іс-шара қонақтарының назарына қызыққа толы шаралар әзірленіп, жаңа кітаптар көрмесіне шолу жасалды. Қатысушылар «Баспа немесе электронды кітап?» тақырыбында пікірталасқа қатысып, белсенділік көрсетті. Мектеп оқушылары Кәрім Мыңбаев ауылының үлгілі ауылдық кітапханасы ұйымдастырған алаңда, жерлес ақын Виталий Туляковтың поэзиясының шексіз әлеміне еніп, ақынның өлеңдерін оқуға және Изенді үлгілі ауылдық кітапханасы дайындаған «Тапқырлар» алаңында зияткерлік ойынына қатысты. . 23 апреля в центра
21-ші наурыз күні Нұра ауданында жаңару мен жаңғырудың, ынтымақтың мерекесі саналатын Ұлыстың Ұлы күні тойланды. «Нұра» стадионында өткен мерекелік шарада ауданымыздың ұлы тұлғалары есімі берілген алты қанат ақ ордалар тігілді. Солардың бірі - ақын, филология ғылымдарының кандидаты, жерлес ақынымыз Бүркіт Ысқақұлына берілді. Осыған орай Б.Ысқақұлы ат. Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері мерекеге жиылған тұрғындарды Бүркіт Ысқақұлының өмірі және шығармашылығымен таныстырды. Құрметті жерлестер! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Елді бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін Наурыз мерекесі Отанымызға — береке
Б.Ысқақұлы ат. аудандық орталық кітапхана оқырмандарын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтайды! Центральная районная библиотека им. Б. Ысқақұлы поздравляет пользователей библиотеки с праздником Наурыз – Великим днем улуса!
Құрметті оқырмандар! Сіздерді 18 наурыз сағат 11.00 -де «Шаңырақ күніне» арналған «Жастар» алаңында өтетін «Киіз үйдің құдұретіне жоқ талас» тақырыбында мұражай экспонаттарының көшпелі көрмесі мен Б.Ысқақұлы ат. аудандық орталық кітапхана дайындаған «Салт-дәстүрім берекем!» атты театрландырылған көріністі тамашалауға шақырамыз! Уважаемые читатели! Приглашаем вас на передвижную выставку музейных экспонатов «Киіз үйдің құдұретіне жоқ талас» и театрализованное представление «Салт-дәстүрім берекем!» Нуринской ЦРБ им. Б.Искакова, посвященное «Дню Шанырака», которое состоится 18 марта в 11.00 часов на площади «Жастар»!
Құрметті желі пайдаланушылар! Б.Ысқақұлы атындағы орталық аудандық кітапхана «Наурыз тойы мереке, салт дәстүрім береке» атты онлайн танымдық челлендж аясында отбасылық салт-дәстүрлерінің бірі – «Ұрын бару» салтын ұсынады. Челенджді жалғастыруды Жараспай ауыдық кітапханасына жолдаймыз.